21.05.2022
97

Сенің күйің – Алматының аспаны...
Сенің күйің – Алматының аспаны,
Менің күйім – махаббаттың дастаны.
Бір ғұмырды жылыта алмай жабықты,
қыз-көктемнің жас жаны.
Сенің күйің – көңіліңнің кептері,
Менің күйім – күнделіктің дәптері.
Жазған хатың көздерімнен сүйгенмен,
Құшағыма өзің болып жетпеді.
Сенің күйің – қарашаның қабағы,
Сол қараша жасын жұтып қарады...
Жалғызым-ау, жанарыма симаған,
Аппақ қарда арым қалғып барады...