21.05.2022
104
Тағы бір шылымның сорабы...
Тағы бір шылымның сорабы,
Бос қалған қорабы...
Дүние түтінге тұншығып,
Бүрсиіп тоңады...
Гүлдердің қауызы жабылған,
Ақ моншақ тағынған.
Өкшесі езілген көліктің,
Шалшығын жамылған.
Жәутеңдеп жандарға жанары.
Қайыршы қарады...
Көп адам ішінен жас бала,
Қалтасын қағады...
...Қаланың шамындай жарықтар,
Сөнетін уақыт бар...
Адасқан жүректер, жылаған,
Жоғалған бақыттар.
...Тағы бір шылымның сорабы
Ашылған қорабы...