21.05.2022
  113


Автор: Динара Мәлік

Өзің жайлы ойлар болды-қорегім...

Өзің жайлы ойлар болды-қорегім,
Өзің жайлы оймен өмір сүремін.
Сенің демің шаштарыма шашылған,
Көзім жұмсам кірпігіме түнедің.
Сенің демің қалып қойды денемде,
Сенің сөзің сақталады өлеңде!
Сенен кетсем дәл өзіңдей сүйсініп,
Мені бір жан шуағына бөлер ме?
Сен туралы сырлар айттым мезгілге,
Күндерімнен күдігімді үздім де.
Өзің жаққа бұрылдым да адастым,
Ақылымның алданғанын сездің бе?
Сен туралы жұлдыздар да біледі,
Жұлдыздардың жұмсақ екен жүрегі.
Сенің бір күн кетеріңді сыбырлап,
Айдағы қыз теріс қарап күледі.
Өзің жайлы ойлар болды арманым,
Әйнекке кеп ән айып тұр таңдарым.
Саған жету мүмкін емес білемін,
Саған жетер өлең ғана арнадым!





Пікір жазу