21.05.2022
  154


Автор: Динара Мәлік

Бір жанға жолықтым...

Бір жанға жолықтым,
Тірлігім-түнерді.
Ғашық боп қалыппын,
Кеудемде – түн өлді.
Бір жылу сезіппін,
Сезімге шөлдегем.
Абайсыз кезіктім,
Алаңсыз көнген ем...
Арымда адалдық,
Жүр оны кім ұғып?
Әйел боп жаралдық,
Ұятқа жығылып.
Ол мені сезбейді,
Аңсаудан арылар.
Мүмкін, шын іздейді,
Бір күні сағынар...
Жауапсыз кездесу,
Сені де қинады...
Сағынып күн кешу,
Сабырлық силады...
Қаламым шешеді,
Қара түн түймесін.
Көңілім – көшеді,
Сен қандай күйдесің?
Мен өмір сүрермін,
Өлеңнің ішінде.
Ол маған келер күн,
Тек қана түсімде!





Пікір жазу