21.05.2022
  164


Автор: Динара Мәлік

Нені күттің? Сабырлық па керегі?

Нені күттің? Сабырлық па керегі?
Жүректің де бола бермес дегені.
Ақиқат қой алданыш қып арманды,
Бұл жалғанның көзімізден сөнері.
Жүрем онда, асқақ болып, паң болып,
Енді мүлдем, оятпаймын таң болып.
Көріп қалсам, кете берем бұрылмай,
сені мүлде байқамаған жан болып.
Өр болайын, қаталдау боп көрініп,
Төзім шіркін, кете қоймас сөгіліп.
Сезбедің деп кінәламай жүрейін,
көздерімнен өлең тұрса төгіліп.
Не істе дейсің? Өзгерейін ендеше,
соқыр сезім бұғаулауға көнбесе!
Махаббаттың мәні болмас деп едім,
сүйген адам сырларыңды білмесе





Пікір жазу