21.05.2022
118
Хабарсыз қалғаның не қамықтырып...
Хабарсыз қалғаның не қамықтырып,
Жанымды жіберсеңші Жарық қылып.
Сен мені жалғыздықпен жазалайсың,
Күйімді көлеңкеде бағып тұрып.
Хабарсыз қалғаның не тiршiлiгiм?
Мен әлі күтіп жүрмін білші күнім.
Қандай қиын, гүлдердің қурағаны,
Қандай жақсы, естіген гүл сыбырын!
Хабарсыз қалғаның не аңсағаным,
Күндерді сенсіз қалай тауыса аламын?
Өн бойыңды өлең боп жылытайын,
Көктемде Күн астында тоңса жаның...
Сағаттар жылжып жатыр үндемедің,
«Менсіз-ақ бақытты боп жүр» демегін.
Өртенуге жаралған өмір мынау,
Сағынуға жаралған түн дегенің...