21.05.2022
  160


Автор: Динара Мәлік

Терезенің әр жағында тағдырым...

Терезенің әр жағында тағдырым,
Терезенің бер жағында бар мұңым.
Еркелігім қалып қойды ерніңде,
Бесігімде қалып қойды бал күнім.
Тыныштықтан тынысыңды естідім,
Көңілімнің күрмеу жібін шеш, күнім!
Қандай жақсы, ұйықтай алам сенсіз-ақ,
Жалғыз төсек жайылғанда кешқұрым.
Күндерімде тіршіліктің күйбеңі,
Жүрегімде жырлар ғана сөйледі.
Өн бойыма өмір әкеп сыйлаған,
Сүйер болсаң көктем құсап сүй мені!
Сәуір-күндей таңдарыма тұрақта,
Жауын болып, жаным мені жылатпа.
Көз алдымда сөніп жатыр сағаттар,
Дәл осылай сағындырып сынатпа!





Пікір жазу