21.05.2022
130
Сен үшін неге жаралмаған екем?
Сен үшін неге жаралмаған екем?
Мен үшін ғана оралмаған екем...
Екеуміз енді екі әлембіз,
Ұйқасы келмес екі өлеңбіз.
Саусағың сүйер гүлің де әдемі,
«Менікі» болар кімім бар еді?
Бәрі де бекер сағынбаған соң,
Жүрекке тағдыр бағынбаған соң...
Күндер де сен боп күліп кірмеді,
Сүйсек те жолдар біріктірмеді.
Көрмей-ақ жүрсем көнеді ме екем?
Сүймей ақ кетсем сөнеді ме екем?
Арман боп қана аяла мені,
Тағдыр боп сен де аяма мені...