21.05.2022
149
Айтылмаған махаббат...
Айтылмаған махаббат,
Жазылмаған дастанбыз.
Жалғыздықты қалап ап,
Бірімізден қашқанбыз.
Мүмкін емес мұңымыз,
Көтереміз бүгілмей.
Біз уақыттың құлымыз,
Жұтыламыз білінбей.
Іштей ғана күйзеліп,
Бетімізде гүл әлем.
Мұң тілінде биледік,
Сағынышқа түнеген.
«Қайтеміз» деп күрсіндік,
Жан мен тәндей бөлекпіз..
Айтылмады бір шындық,
Айтып өту керекпіз...