21.05.2022
129
Сенімен сөйлесу – азап...
Сенімен сөйлесу – азап,
Тілдеспеу – сағыныш.
Жүрегім – тозақ,
Өмірім – жаңылыс.
Кездесіп – қимадым,
Қоштассам «кел» деме.
Мен жерге симадым,
Сиямын кеудеңе!
Қоңырсың, суықсың,
Мен бармын торыңда.
Ашылмас құлыпсың,
Кілтің бар қолымда!
Періште емессің,
Тазасың пендеден.
Сен маған керексің,
Өмірім - өлмеген.