21.05.2022
130
Көңілді сүйретіп ескірген...
Көңілді сүйретіп ескірген,
Күнәнің көзіне көштім мен.
Тағы да түн дедім кінәлі,
кешірім сұрамай ешкімнен.
Бақытты болуға беттегем,
Ай жүзін жасырды бұлтпенен.
Өзіңді жек көргім келді де,
сөзіңді ұмыттым ‘күт’ деген.
Қызғаныш көрінді қылтиып,
Гүл-үміт дір етті бүрсиiп.
Көзімді жұмдым да күрсіндім,
Өзге жан ернiмнен тұр сүйiп!
Кiнәні iздемей өзгеден,
осылай қоштастық бiз деген.
Сағыну жайлы сыр қозғама,
Көре алсаң, көр енді өзгерем!