21.05.2022
120
Демiңе менi, кiргiзiп алшы бiлдiрмей...
Демiңе менi, кiргiзiп алшы бiлдiрмей,
Сөнейiн сосын, сөйлеуiме де үлгiрмей!
Байқайын бәрiн, сезiмiн алар төгiп кiм?
Көзiңе менi қондырып алшы көрiктiм.
Езуге енер күлкiң боп қана тұрайын,
Жүзiңе жылы үйiрiп иман шырайын!
Иығыңа сенің, періштелер түнеп сөйлесін,
Атымды атап, сол қызды ғана «сүй» десін!
Ойыңда сенiң қалуға бармын адасып,
Жұбымыз ендi... жүре алмаса да жарасып.
Тәнiңде ғана қалар ем жаным, тұрақтап,
Өмiрдi қойшы...болмайды мендей тым аппақ.
Түніңді түріп, сәуле боп сүйсін Жарығым,
Сағынып жүрмін... сынаққа түсіп сабырым..