21.05.2022
  92


Автор: Динара Мәлік

Күн болып сынап ем ерідім...

Күн болып сынап ем ерідім,
Көгіме шығарды Сені кім?
Ай болып сынап ем алдандым,
Жүзімді жасырып қармандың.
Нөсер боп төгілдім бір демде,
Ақ бұлттай арыңды көрдім де.
Сезім боп сын айтқым келмеді,
Сендіріп жүрген соң Сен мені.
Жүрек боп жүрмін ғой дүрсілдеп,
Жаураса жылынып жүрсін деп.
Хат болып көзіңе асықтым,
Сен болсаң жауапсыз жасыттың.
...Түн болып сынап ем түнердім,
Мен саған жай ғана біреумін...





Пікір жазу