21.05.2022
  129


Автор: Динара Мәлік

Қала мынау қабағында мұңы бар...

Қала мынау қабағында мұңы бар,
Дала анау құшағында гүлі бар.
Қара жолдар менің қара көздерім,
Күтіп жүрмін кім ұғар?
Өзім жүрмін бағытыма бал ашып,
Ізгі жаным күз елімен жарасып.
Көңілімді көктем сұрап тұрады,
Өмір қалды адасып.
Төзім мынау тағы мені сынады,
Жалғыздығым теріс қарап жылады.
Аз ғұмырға, жаз-жырымды қалдырып,
Кеткім келмей жүр әлі...
Төгілген түн сенің қара шашыңдай,
Сырымды айтам, шынымды айтам жасырмай.
Нөсерлетіп өтер мынау дүние,
Сен қаларсың жасындай.
Жарқ етерсің аспан жақтан атылып,
Сосын мені құс тілінде шақырып.
Түсінерсің, кешігерсің, мойындап,
Сүйем дерсің «аһ» ұрып...





Пікір жазу