21.05.2022
  186


Автор: Динара Мәлік

Сезім болғым келеді, саған ғана ынтызар...

Сезім болғым келеді, саған ғана ынтызар,
махаббаттың мәңгілік болатыны шын шыгар...
Ерін болғым келеді, саған ғана арналған,
үміт үзіп беруші ем, үкі таққан таңдардан!...
Көзің болғым келмейді, қарап қойсаң гүлдерге,
мен кызғанып қалам ғой, ақылды боп жүргенде...
Жүрек болғым келмейді, көп адамның мұңы бар,
қуанышым қайғының қанатына тығылар...
Ауа болғым келеді, секундтарың тәуелді,
қағазға емес, жаныңа, жазушы едім өлеңді!...
...Өзім болсам деп едім, бір өзіңе ғашық қыз,
сүйе бергім келеді, жылап алып жазықсыз...





Пікір жазу