21.05.2022
198
Не деймін жаным саған?...
Не деймін жаным саған?...
...Сағынып қалдым десем,
Күйімді көресің бе?
Көктемде тоңдым десем,
Мейірім төгесің бе?
Оңаша жүрмін десем,
Іздеп кеп табасың ба?
Сенсіз-ақ күлдім десем,
Қызғанып қаласың ба?
Ұмытып бар кінәңді,
“Сүйем”деп сыбырлаймын.
Сен тыңдар сол бір әнді,
Мен айтып ыңылдаймын.
Ертең- ақ, келер деймін,
Еңсемді түсіре алмай...
Жүрек боп елеңдеймін,
Өзімді түсіне алмай...