21.05.2022
424
8 наурыз аналар мерекесіне арнаймын
Гүлсіңдер,
Адалдықтың өзіменен бірсіңдер,
Сұлулықты әйгілеп ап әлемге,
Әрбір үйге шуақ шашып жүрсіңдер!
Армансыңдар,
Жан баласы баспаған ормансыңдар,
азаматтың арқалап аманатын,
Көлеңкесін кірлетпес қорғансыңдар!
Бұлақсыңдар,
Жалғандықтан барынша жырақсыңдар.
Жауабы жоқ, жауабы жұмақта бар,
әр кеудеде жүретін сұрақсыңдар...
Анасыңдар,
Бар бақытты баладан табасыңдар.
Тіршіліктің жүрегін соқтыратын,
Бұл өмірде өздерің ғанасыңдар!