21.05.2022
  119


Автор: Динара Мәлік

Аппақ жұмыртқадай боп аршыламын да...

Аппақ жұмыртқадай боп аршыламын да,
Ыстық деміңе малшынамын ба?
“Сүйем” деп мені құрақ ұшпағын,
Көзімде қалсын қуаныштарың.
Менімен іштей жарасар жаның,
Таудай боп тұршы аласармағын!
Күн қондырам деші ала таңыма,
Ай әкеліп берші алақаныма...
Музалар үнін жазсын аспанға,
Бейкүнә әлем бүрін ашқанда!
Табиғат сүйер әнімді салдыр,
Жаныштап барып, жанымды қалдыр!
Ернімнен сезіп еркелігімді,
Өлтіріп алмай, өрте-мұңымды!





Пікір жазу