21.05.2022
144
Өлең қалып барады жолдарымда...
Өлең қалып барады жолдарымда,
Өмір кетіп барады арманымда.
Бір-ақ күнде бақытты бола салдым,
сол бір жанға ғашык боп қалғанымда.
Жұлдыз құлап барады аспанымда,
Сезім бұлай сөнбейді қас-қағымда!
Сен тұрсың, «келдім ғой» деп, «сәл кешігіп»,
жүрегімнің есігін ашқанымда.
Күндер өтіп барады кірпігімде,
түнім жылап тұрады түндігімде.
Тыншымаған жаныңды тығып қойып,
сабырлықтың салмағы көндігуде!
Қиял күліп қарайды миығынан,
төгілген сезімімді жиып алам.
Тәп-тәтті сағынышқа сыр ашам деп,
байқамай жүрегіме кұйып алам!