21.05.2022
  103


Автор: Динара Мәлік

Әке

Әке десем, кінәлідей сезіндім,
Еске түсіп өкпелеткен кезім мың.
Әке десем қуанғандай боламын,
Ұшып келіп, айдыныңа қонамын.
Бүгін тағы Өзің жайлы ойладым,
Бүгін тағы Өмір жайлы ойладым.
Қайғы ғана құша алмаймын білемін,
Дертің әлі табатындай бір емін.
Әке десем, жылай алмай өксідім,
“Қызым” деген дауысыңды естідім.
Көңілімде неге әлі күдік тұр,
Тірісің ғой есігімнен күліп кір!
Ұлы Уақыт күннен күнге көркем ет,
“Елу” тұр ғой есігінде еркелеп!
Шүкір, Шүкір, жетті тағы көктемге,
Таудай еді, аласарып кеткен бе?
“Әке” десем жігерімді жаныдым,
Көзіңмін ғой, қарасымын, ағымын.
Адам менен ғалам қалай ұғыспақ,
Дәл осылай дерт бермесін уыстап!
Ол ауырса қалай бізде Күн күлмек,
“Ата” дейді періштелер шүлдірлеп.
Әкем тағы алақанын жайып тұр,
Құдіреттім Қасіреттен айықтыр!





Пікір жазу