21.05.2022
  194


Автор: Динара Мәлік

Сыр бойынан келгенбіз...

Сыр бойынан келгенбіз,
Қасиетті Елденбіз,
Қасіретті Жерденбіз:
Қызығымызды қымбат, таң –
Зымыранын күнде атқан,
Жан-тәнімізді улатқан,
Ұлардайын шулатқан –
«Байқоңырға» бергенбіз.
Ажар-көркімізден айрылып,
Қыл-омыртқамыздан майрылып,
Құс-қиялымыздың қанаты
Қатаймай жатып қайрылып,
«Жетісудың» қойнына
Жылап-еңіреп енгенбіз.
Мұнда да біздей бар екен,
Ұя-мекені тар екен.
Зар-Нарық... киер киім мен
Ішер асына зар екен.
Ескексіз тесік қайықтай
Қалт-құлт еткен ғаріп тірлігіне
Бір Алла ғана жар екен.
Жуатыны – жаңбыр-қар екен,
Тапталатыны – ар екен...
...Несіне айта берейін,
Киелі деген Елденбіз,
Сыр Елі деген Жерденбіз.
Ақ басты Алатау-Шалға
Ауылды тастап келгенбіз.
Ия...
Ауылдан келген қыз...





Пікір жазу