21.05.2022
121
Күнәға жазба, Тәңірім...
Күнәға жазба, Тәңірім,
Тірлігімнің жарымын.
Бұлайша өмір сүргенім,
Жалғыз сенің Әмірің.
Суығына тағдырдың,
Өлеңімді қалдырдым.
Сүйеніп ап бір күні,
Қабіріңде қалғырмын.
Шаттығыма шалқиын,
Мәлім саған бар күйім.
Құшағында – Ғашықтың,
Қиялымда балқиын.
Кімге керек қиялым?
Арымды кімге қиямын?
Қара жердің бір күні,
Нүктесіне сиямын!
Үмітімнен үркідім,
Санамды ойдан сілкідім.
Біреулерге – арманмын,
Біреулерге – күлкімін.
Әйелдікке олақпын,
Үйретем дейді шолақ күн!
Өлгендердің ырысын,
Ұрлап жүрген қонақпын!