21.05.2022
  138


Автор: Динара Мәлік

Шын айтам, бәрінен жалықтым...

Шын айтам, бәрінен жалықтым,
Күтумен күн сайын зарықтым.
Адам боп туылдым арман не,
Кешірші, киелі Жарық күн!
Кешірші киелі түндерім,
Жүрегім ауырып жүр менің...
Ауылдың қызындай аңғал ем,
бағымды қызғанды кім менің?
Жалғаннан жерідім тап бүгін,
Қолымнан сүйеді пәк күнім.
Қай кезде сөнді екен шырағым,
Қай жерге шашылды шаттығым?
Қайғының алдында өр едім,
Ал, бүгін алаңсыз көнемін...
Тұңғыш рет түнеріп келеді,
Жылауды білмейтін өлеңім...





Пікір жазу