21.05.2022
139
Күнәмді кімнен іздедім...
Күнәмді кімнен іздедім,
Кінәмді неге сезбедім.
Өлең боп сайрап жатыр ғой,
Өмірде жүрген іздерім.
Жанымды неге жылаттым,
(Күрсіне қойсын бірақ, кім?)
Адамнан қашып адамды,
Адасып неге ұнаттым?
Жүректі неге тыңдадым?
Жүрегін неге ұрладым.
Қалайша қатты боп кетті,
Мақтадан жұмсақ бұл-жаным.
Өлеңдей аңғал Елімнің,
Шындығы қайда шегіндің?
Өртемек болған өмірге,
Еркелеп неге берілдім.
Арманға нені сиғыздым,
Жырымнан қамал тұрғыздым.
Тұрлаусыз кеткен дүние,
Қорғаусыз қалған бір қызбын!