21.05.2022
  126


Автор: Динара Мәлік

Пендеге керектің бәрі бар...

Пендеге керектің бәрі бар,
Әйелмін, баласы, жары бар!
Адам боп жүремін ақылды,
Жан екем жалғанда бағы бар.
Бақытты болуға талпынып,
Ешқашан болмады жарты-үміт.
Түн сайын тілеймін тыныштық,
Күн сайын атады таң күліп.
Қуантқым келеді барлығын,
Өзім боп күледі әр күнім.
Құдай-ау,
Қалайша жүре алам,
жүректің тыңдамай жарлығын?
Жүректің мазасыз шақтары,
Жанымды өртейді оттары.
Сенгісіз сезімдер бар онда,
Белгісіз қай кезде тоқтары!





Пікір жазу