21.05.2022
  153


Автор: Динара Мәлік

Балпаң басқан қара бұлт...

Балпаң басқан қара бұлт,
Жорғалайсың, жаумайсың.
Көкке ұшқан балалық,
Қай қиырда аунайсың.
Аспан, аспан, аспан-мұң,
Қашан туар Ай күліп?
Жылауға да жасқандым,
Қара жерден қаймығып.
(Тірлік түбі түрленіп,
Тереңімен арбайды, ә?
Өмір шіркін, бір көріп,
Өбіп кетсе болмай ма?)
Есі жоқ жел еркелеп,
Етегіммен ойнайды.
Біздің бақты келте-деп,
Бәлкім...бұл да ойлайды!
Құлап тынса тірегім,
Түн естімес мұңымды.
Жалғыз шындық білемін,
Жүрек менен ғұмырлы!





Пікір жазу