21.05.2022
123

Не келмейді көңілге ойлағанда...
Не келмейді көңілге ойлағанда,
Ойлағанда, тереңге бойлағанда.
Оңашада ақ қағаз жайнамаз боп,
Ұзақ түнге отырам ой бағам да.
Айта алмаймын өлеңге бөтен ем деп,
Ой салмағын, бел буғам көтерем деп.
Әр адамның қалауы, тарауы бар,
Келгеннен соң өмірге етер еңбек.
Менің жүрек қалауым өлең болған,
Суретшілік тағы да өнер қонған.
Екіншісі - мамандық кәсібім боп,
Өлең – таудың басында кемем қалған.
«Ол – әулие болмаса, неге қалған?»,
Өлең – кие, қанымда, өлең – арман!
Жүрегімде, жанымда салар сайран,
Теріс аунап түскенше менен Жалған.