meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  21.05.2022
  180


Автор: Исламғали ҮРКІМБАЙҰЛЫ

Тәубе қылдым Жаратқан, бергеніңе,

Тәубе қылдым Жаратқан, бергеніңе,
Аман-есен бұл күнді көргеніме.
Қызығына қызықтап біз жүрейік,
Ұзақ ғұмыр бере гөр «төлдеріме».
Жеткізе гөр Жаратқан, арманыма,
Қанат сыйла талмайтын, самғауыма.
Риясыз ырза боп алдағыға,
Қол созайын кезекпен таңдарыма.
О, Жаратқан, өзіңе сиынамын,
Өсіре гөр өмірдің түйір дәнін.
Дүниеде бар адам мұсылман боп,
Көрсете гөр намазға ұйығанын.
О, Жаратқан, назар сал тілегіме,
Қанағат бер баршаның жүрегіне.
Қара жерге сән беріп қолыменен,
Бұйыра гөр, егін мен гүл егуге.
Жеткізе гөр Жаратқан, ертеңіме,
Өмірімді айналдыр ертегіге.
Сарқылмайтын сана бер адамзатқа,
Жер бетінде қан емес, тер төгуге.





Пікір жазу