21.05.2022
136
![](/uploads/shorttexts/author_image/dfjh-1-1000x.jpg)
Туған жердің аунасам ақ құмына...
Туған жердің аунасам ақ құмына,
Арқам қызып қол созам шаттығыма.
Гүл көмкерген жыңғылдың арасынан,
Алтынкөлдің ән арнап аққуына.
Серік болып жанымда жүр өлеңге,
Жерім қайта жаңғырып, түлегенде.
Аққудай боп алдымнан қарсы аларсың,
Нұркентке ат басын тірегенде.
Көрген қандай арайлы дала таңын!
Тұнып тұрса бақытқа, бал отауың.
Құшағыма алайын, тау қыраны,
Бауыраны басқандай балапанын.