21.05.2022
223
Сені іздеймін, аяулым, сені іздеймін!
Сені іздеймін, аяулым, сені іздеймін!
Жүрегіммен жүдеулеу егіздей мұң.
Көңілімнің ақ гүлі семіп бүгін,
Толқынымен тербетті теңіздей түн.
Жанарымда сағыныш дір-дір етіп...
Жалғыздығым жырымды жүр күзетіп.
Сен кеткелі көктем де жоламай бір,
Сен кеткелі...
кеткендей жүз күз өтіп!