21.05.2022
135
Ханың бар ма әділетті?
Ханың бар ма әділетті?
Бар датым!
Қарға болып қарқылдамай,
Зарла, түн.
Мені қайтсін...
Өзегіне тепкенде
Мұқағали, Қасымдарды
Алматым.
Әнім қайда кешегі айтқан
Сәніммен?
Алатау тұр қабағына
Қар ілген.
Сараң қала арамдығын
Бастаса Жауап берем кеудемдегі
Барыммен!
Жарым жатыр– жалғыздығым
Қанымда,
Қаталдықтан талып бітті
Қарым да.
Мен ешкімнен бола алмаймын
Аласа
Жүрегімде жыр жұлдызы
Барында!
Ханың бар ма әділетті?
Бар датым!
Мен болайын ең ақырғы
Зарлы ақын.
Өз еміңе жарап қалар
Ұлыңды
Өзегіне теппеші енді,
Алматым!