21.05.2022
146
Басыласың көзіме оттай нағып...
Басыласың көзіме оттай нағып,
Сенсіз таңдар керемет атпайды - анық!
Жүрегімнің жұлқынған жанартауын
Тыңдасаңшы, жаныма тоқтай қалып.
Жымиысыңнан жаныма тауып бір ем...
Жүрісіңнен бағаңды танып, білем.
Сағат сайын өзіңді іздеп кетем,
Көңілімде тамшылар қалып кілең!
Қиялымның күмбезін жайлап алып,
Кететінің сағым боп – айдан анық!
Соңғы сәтте салшы бір көз қиығын,
Бақ табамын бармақтай қайда барып?!