21.05.2022
  149


Автор: Дәурен Берікқажыұлы

Әлдеқашан таусылғандай бар әні...

Әлдеқашан таусылғандай бар әні,
Жанарымен ішіп-жемей қаланы
Мен тоқтаған аялдама тұсынан
Балдақ ұстап жігіт өтіп барады.
Балдақ ұстап...мұңға кетті мұң құйып,
Арман сірә, жеткізбеді-ау тұңғиық?!
Көктем әні үзілген соң тым ерте,
Көктем гүлін жамыла алмай тұр иық.
Онда қазір сезім де жоқ дір етпе,
Қыз орнына балдағы тұр білекте.
Жастығында мың өртеніп, мың тоңып
Құбылмаған жүрек, шіркін, жүрек пе?!
Әлдеқашан таусылғандай бар әні,
Дір-дір еткен шуақ төкпей жанары
Мен тоқтаған аялдама тұсынан
Балдақ ұстап Жастық өтіп барады.





Пікір жазу