21.05.2022
  144


Автор: Дәурен Берікқажыұлы

Есіміңе қосыпты гүлді тағы...

Есіміңе қосыпты гүлді тағы,
Сені мендей қай жүрек пір тұтады?!
Мен – мамырмын, көктемнің қайырмасы,
Қолыңды соз, бақыттың барқыт әні!
Махаббаттың мен үшін дара – тағы...
Сүйкімсіздеу өзіңсіз қала таңы.
Сенің маған кездейсоқ кездесуің
Жүрегіме қанша нұр таратады! -
Десем тағы жанымды ұғармысың?
Өзің болсаң деп едім сыңар құсым.
Жеті түнде жыр жазсам қалам алып,
Менің ақтық айқайым шығар, түсін.





Пікір жазу