meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  21.05.2022
  160


Автор: Қалмаханбет Мұқаметқали

Диалог

- Көңіл пердесін аштым ба түріп,
Көкжиек көрінді нұрлы?..
- Көгілдір аспанның астында тұрып,
Көтердім көгілдір Туды!
- Кезген бір тылсым Даланы мәңгі,
Кие боп кеудеме енді ме?
- Көгілдір Туға оранып алды,
Күн күліп сәулеленді де!
- Керуен жолдан мың адасыпты,
Көнерген жылдар аңсар боп...
- Көзұшындағы Қыран да асықты,
Көгілдір Туға қонсам деп!
- Көңіл пердесін аштым ба түріп,
Көкжиек көрінді нұрлы?..
- Көгілдір аспанның астында тұрып,
Көтердім көгілдір Туды!
(Көркем бір бейне кетер деп үнсіз,
Көкіректе әуен үздікті...)
- Көгілдір Туды көтерген... кімсіз?
- ... ТӘУЕЛСІЗДІКПІН!!!





Пікір жазу