21.05.2022
  106


Автор: Қалмаханбет Мұқаметқали

Келеді көктем, келеді көктем...

Келеді көктем, келеді көктем,
Кетеді мына қар жылап.
Жамылып алып желегін бөктер,
Жүгірер ойнап бал бұлақ.
Гүлдейді өрік тұңғыш бағында,
Гүл-өмір сонда кешем мен.
Қауышып елмен жыл құстары да,
Жарысар белмен көсем жел.
Көктем келеді, көктем келеді,
Қабағына күн наз ілсе.
Қиялым алдап кеткен жоқ еді,
Көретінім қыс әзірше...





Пікір жазу