21.05.2022
128
Қуанышыммен, қайғыммен...
Қуанышыммен, қайғыммен,
Асқақ едім ғой, айбынды ем.
Махаббат деген сиқырдың,
Дауасын таппай қойдым мен.
Түкпірін үңгіп кеудемнің,
Тербейді мүлгіп шер мен мұң.
Жаныма жастай жабысқан,
Жарамды немен емдермін?
Үмітсіз кейде сондай бір,
У ішкен бейне жандаймын.
Кішкентай ғана күнәсіз,
Жүректі қалай алдаймын?!
Алғаусыз сәби кезімнен,
Дәрменсіз пәни сезіммен.
Қылаусыз қардай ардағым,
Қоштасам қалай өзіңмен?!