21.05.2022
101
Жанымды жаралар нәзігім...
Жанымды жаралар нәзігім,
Еңсеңді түсіргенің.
Сүйіп ем... солма әлде жазығым,
Мен сені түсінбедім?!
Қарап ең жанарың мөлдіреп,
Тербедің үміт көлін.
« - Кездесіп тұрмыз біз соңғы рет,
Сен мені ұмыт...»,- дедің.
Бақ па едің басқаға бұйырған,
Қапыда айырылған.
Кеттің-ау мүсіндей құйылған,
Артыңа қайырылмай.
Кеудемді құрсады шер қамап,
Көзімді... жуып қайғы.
Сонда да, сонда да, сондада,
Өзіңді ұмытпаймын