21.05.2022
  99


Автор: Қалмаханбет Мұқаметқали

Басталған қызық күндердің...

Басталған қызық күндердің,
Бітірін бұлай білген бе ем?
Көңілден сызып та үлгердім,
Кетейін көне сүрлеумен.
Аймалап сүйіп, құшпаған,
Аяулы жан ба ең тағдырлас?
Ешқашан қиылыспаған,
Табаны сынды жолдың қос...
Иілмей өту тән саған,
Сынудан мен де қорқып ем...
Жағаға жетуді аңсаған,
Теңізде туған толқын ең.
Шырағым өшіп, жанулы,
Шыдай түс, сынба, иілме...
Тек бек менің бесік-жанымды,
Тербей бер тұнық күйіңде!





Пікір жазу