21.05.2022
84
СЕН және ГҮЛ
Мен не деймiн, не дейдi ел,
Махаббат пен арманға?..
Сенi iздеп ем Семейден,
Таптым Талдықорғанда.
Кездестiк пе кездейсоқ,
Тоғыстырған тағдыр ма?
Көңiлiмде өзге ой жоқ,
Көлгiрсу де жоқ жырда.
Жанарыңа бұққан мұң,
Жансырыңнан кеттi озып.
Тасты жарып шыққан гүл,
Тәрiздiсiң нәп-нәзiк.
Сезiм де жоқ бөтендей,
Сөнiп жанған iзiнше.
Күлге айналады екен ғой,
Гүл бiр күнi үзiлсе...