20.05.2022
139

Зоопаркте
Қара жерде қарап жүріп қайғырдым,
Аманында аспандағы ай-күннің.
Темір торда зарығады мұңайып,
Кәрі арыстан күнін кешіп маймылдың.
Сол арыстан секілдімін кейде мен,
Тар қапаста туған тілде сөйлеген.
Тәңір жазып, темір тордан шығарып,
Кең далаға қоя берсең, қой демен!.