20.05.2022
  196


Автор: Несіпбек Айтұлы

Сабырыма жеңдірсем де

Қиналсам да жақсы-жаман топқа кірдім ерінбей,
Ел аузына даңқым көшті сөздің тасып селіндей.
Үмітімді терең орға лақтырды да сүйгенім,
Қаңырадым қайғы-шердің шаң бораған шөліндей.
Сабырыма жеңдірсем де жара қалды жүректе,
Түнеп көшкен керуеннің бейне от жаққан жеріндей.
Атқан оғың жасты көзді кірпіктердей қамады,
Көл жиегін қаптай біткен өткір қамыс шебіндей.
Кірпіктерің тереңіне сүңгіп кетті жанымның,
Жүсіп құсап түскен Бабыл құдығына шегінбей.
Өкінбеспін өзің салған жарақаттан мертіксем,
Маңдайыма тағдыр басқан махаббаттың мөріндей.
Ойлап тұрсам, жәннат саған есік ашпас, ей, Науаи,
Қалған надан қайдан білсін орнынды аспан төріндей!?





Пікір жазу