20.05.2022
315
БАҚЫТТЫ ЕТЕ АЛМАЙМЫН
Зеңгір сезім жетегінде кете алмаймын,
Қонған баққа қолым созып жете алмаймын.
Кешір жаным, салғыртсың деп айыптама,
Мен өзіңді бақытты жан ете алмаймын..
Қаламаудан емес әсте түгеді екпін,
Мен жәй ғана, жаны жамау мүгедекпін.
Жүрегінде тырнағының тыртығы бар,
Сан күйзелткен, бір опасыз жүгермектің.
Қошқыл бұлтты шақта жүрмін өңімді ашпай,
Көмескілеу көлеңкелі өмір бостай.
Тозып кетсем,
—Тозды-ау деме, сүймегеннен,
Сүйгендер де, жырақтайды көңіл қоспай..
Жанар Ешназар
23/12/2021