20.05.2022
  204


Автор:  Жанар Ешназар

БАЛ СЕЗІМ

15-ші сәуір Қозы Көрпеш, Баян сұлу күніне орай, ақын әрі музыкант Руслан Сәулебекұлы бастаған вацап желісіндегі "Ақын, Әнші, Сазгерлер" тобында өткен сайысқа арналған диалог өлең.
Сайысқа қатысқан барша өнерлі жандарға таудай алғыс!
Ұлттық ғашықтар күні құтты болсын!  

БАЛ СЕЗІМ
(Диалог)

Жігіт:
Биігінен от сезімнің ұшқын алып,
Ғашық болдым жанарыңа тұтқындалып.
Көк сыйлаған тылсым күштің шоқ тамшысы,
Сенсіз ғұмыр бос екенін ұқтырды анық.

Қыз:
Жүрегімді тебірентіп, Ұнатқаным..
Өзің келіп, жақтың сезім шырақтарын.
Еркелетіп, аяласаң түйткіл ойдан,
Айығамын, сезбей өмір сынақтарын.

Жігіт:
Бүге алмаймын нақ ұрлана қарасымды,
Ерке назың, жаз күлкің де жарасымды.
Лала гүлім, сен жанымда жүрсең жайнап,
Мендік көңіл көркем, дархан дала-сынды..

Қыз:
Нұрлы үмітке жетелеген, Сүйенішім..
Адал жүрек,ақ пейілмен сүйемісің.
Жібек сезім елжіретті өн бойымды,
Айтшы жаным, сен де мендей күйдемісің?..

Жігіт:
Арқа сүйер қорғаныңмын сенбей жүрме,
Ақ жүзіңе мұң түсірмей, еркем гүлде..
Жанымнан да сені артық жақсы көрем,
Меруертім, күмәнді ойға ерме мүлде!.

Қыз:
Құпияңа еліктірдің дара-шырын,
Бағыңдағы сандуғашпын, Жанашырым..
Қапияда иран-бағым ұрланбасын,
Сенен бөлек жүре алмаймын, Қарашығым!..

Авторлары:
Жанар Ешназар
Аманжол Жансейтов





Пікір жазу