20.05.2022
164
![](/uploads/shorttexts/author_image/zhanar-eshnazar-209105918-248650789934656-8581662177143004059-n.jpg)
ҚИМАСТЫҚ
Кеудемді аршып дақтардан,
Сызданған шерді мүлгітіп.
Мән іздеп жазған хаттардан,
Кетердей кенет тіл бітіп,
Отырғанымды қайтерсің?!..
Көкейге жағып отты арман,
Тәп-тәтті мұңды ұнатып.
Әлекке түскен шоқтардан,
Жүректі әнмен жұбатып,
Толтырғанымды қайтерсің?!..
Санамды уайым басқанмен,
Сезімнің іліп тұнығын.
Сырласып түнгі аспанмен,
Жұлдыздың ерке қылығын,
Ұғынғанымды қайтерсің?!..
Самалға соққан мұң айтып,
Өзімді-өзім жиі алдай.
Сағыныш үнін ұлғайтып,
"Қош"- деуге,есім қия алмай,
Бұғынғанымды қайтерсің?!..
Ұғына тұрып жалынға,
Ұрынғанымды қайтерсің?!..
Жанар Ешназар
21/04/22ж