20.05.2022
  108


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Сезсе де...

Сезсе де,
Жанарым жанарыңа қадалмасын.
Кезсе де
Тұлғаңды төрткүл жерден табалмасын.
Күтеді қу жаным,
Күтеді бақыттың туғанын
Елесің еліктіріп тағы алдасын.
Білсем де,
Сағынбаудың керектігін,
Жүр сенде
Баяғы ерек күнім, бөлек түнім.
Кеудем бір бос бөлме,
Күтемін қия алмай қош деуге
Жоғалтпай сағынышым өр екпінін.
Тәңір-ай,
Бұл неткен сезім еді өшпейтұғын,
Қарымай
жанымды тапса деймін еспей тыным.
Жо-жоқ болмайды,
Жоғалсаң жүректен сол қайғы
... Сағынам жөнге келмей ес дейтінің.
Үніңді,
Құлақ түрем табам деп мың дауыстан,
Тілінді
Сені іздеп жан-жүрегім мұң қауышқан.
Елесің дес бермей,
Көңілді күйзелген ескермей
Телміртіп сағынышқа қылды-ау дұшпан...





Пікір жазу