20.05.2022
116
Жылата бер
Білмеймін, сен жаным білесің бе?
Сен деп соққан сыртымнан мұң есуде.
Бар ғаламның татымас сұлтандары
Жүректегі мөрленген бір есімге...
«Сүйем» дедің, мен жүрдім сенімге еріп,
Әлеміме жайғастың серім, берік.
Енді бүгін қалдым-ау халім кетіп
Қош айттырған сөзіңнің шегінде өліп...
Үміт-сәби нәр татпай шырылдады,
Бал бақыттың у болды шырын дәмі.
Қайғыға анау қап-қара айтпай келген
Шегілуде сезімнің «шылым» жаны.
Мен аңсаған ақ арман, түсім бәрі,
Бақыт маған қолын кеп ұсынбады.
Жылатасың бекерге, жылата бер
Сынап қалғың, сынай түс, күшімді әрі...