20.05.2022
  115


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Сезімге сендіру

Үміт-кеуде өртенсе, өкініштен,
Сен жүрерсің күдіктің отын ішкен.
Сезіміңнің сыртынан құрық салған
Жүрегіңде қызғаныш отыр, үстем.
Ақиқат біл, өзіңе ынтықтығым
Сенім-құсын көңілден үркітті кім?
Қондырмағың көңілге бар әлемнің
Тұрағы жоқ, беймаза тінтіп мұңын.
Жан асылым, ерекше бір-ақ келер,
Сезім деген шыны емес, сынап көрер.
Менің, сенің жүрегің суалады
Алсақ мынау өшіріп шырақты егер...
Көрсеткенде сезімің ұлық төрін,
Кешіп кетпе тұздылау күдік көлін.
Бақыт-Айға жазғанда атымызды
Бастамашы, тағы да бүлік тегін.
Бақыт деген жол – жету мың бұралып...
Кім біледі, кетерміз шын құралып?
Болатыны секілді Күннің жарық
Сүйетінім мен сені, шындық анық!





Пікір жазу