meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  20.05.2022
  137


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Әкеме тілек

Әке,
Ота керек дейді сізге,
Шұғыл-ақ!
Бұл тәңірдің жедел жеткен сыны нақ...
Сырқаттанып қалғаныңыз,
Білсеңіз
Жүрегіме қанжардайын сұғылад...
Әке,
Ешбір дертке тізе бүкпей тік келіп,
Жүр едіңіз,
Неге бүгін жықты ерік?
Тек әйтеуір,
Айығыңыз тезірек
Тосын жеткен Құдай сынын құп делік...
Әке,
Өзіңізден өмір жолға шам алдық,
Өзіңізбен, қорған болар қамал нық!
...Әке айтарым,
Сәтті болсын отаңыз,
Басыңызға шын сұраймын,
Амандық!





Пікір жазу