20.05.2022
130
Сағыныш карантині
Сағындым,
Бал-бұл жанған дидарыңды,
Сағындым,
Зор қуаныш сыйлар үнді.
Кездесер күнді асығып тосқанымда
Неге айтшы, карантин деп ұйғарылды?
Иә, елді дерт жалмады тәуір улай,
Менің де жаным сенсіз аурудай.
Ғаріп қып ғашықтарды
Тәж вирусы
Жол ашып берді неге жабығуға-ай?
Мыңдаған шақырым жол бөлсе араны
Табамыз телефоннан ем шамалы.
Әй, бірақ,
Мынау бейне қоңырау да
Жүректі жұбатпайды, ен салады.
Мұң басты астананың неге кешін?
Ауышты, сенделе сан семен есім.
Сағындым,
Өзіңді мен, келші қашып
Алдыңды, блокпосттар бөгемесін...